• Түркия  Иран, Ресей және Қытаймен осы елдердің ұлттық валюталарымен сауда жасауды көздейді

Түркия Президенті Анкараның Иран, Ресей және Қытаймен осы елдердің ұлттық валюталарымен сауда жасауды мақсат ететінін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сенбі күні өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинге Түркия мен Ресейдің ұлттық валюталары лир мен рубль негізінде сауда қатынасын орнатуға ұсыныс жасағанын қуаттап: «Қытай мен Иранға да осындай ұсыныс жасадым. Бұл екі ел де мұны қисынды әрі ақылға қонымды ұсыныс деп атады»,-деді.

Түркия Президенті, сондай-ақ, шетелдік валюталары бар осы елдің азаматтарынан оны алтынға немесе Түркияның ұлттық валютасына айырбастауды сұрап: «Түркия халқы шетелдік валюталарды қолданғаннан зиян көріп отыр, өйткені шетелдік валюта – империалистік қисынның көрсеткіші»,-деп қуаттады.

Түркияның ұлттық валютасы осы елдегі саяси өзгерістер мен белгісіз қауіпсіздік жағдайына байланысты долларға шаққанда апта сайын жаңа рекорд тіркеп отыр.  

 

Тегтер

Dec 04, 2016 19:49 Asia/Almaty
Сараптама