• Зариф: Иран мен Жапонияның байланыстары артып келеді

Иран Сыртқы істер министрі Теһран-Токио байланыстарының саяси және экономикалық салаларда артып келе жатқанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Токиода "Джетро" деп аталатын Жапонияның сыртқы сауда ұйымының төрағасы Ишиге мырзамен кездесуде, Иранды жапондық компаниялардың инвестиция салуы үшін тұрақты және қауіпсіз ел деп атады.

Иранның мұнай бағасының төмендеуінің экономикасының өсуіне ықпалын тигізбеген мұнай эскпорттаушы бірден-бір мемлекет екендігіне сілтеме жасаған Зариф Иранның Жапониямен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуді мақсат ететінін баса айтты.

Ол сондай-ақ банкаралық ынтымақтастықтың екі елдің экономикалық байланыстарының кеңеюіндегі рөлін қуаттады.

Жапонияның сыртқы сауда ұйымының төрағасы Ишиге де осы кездесуде: «Санкциялардың алып тасталуымен жапондық компаниялардың Иранға инвестиция салуы және коммерциялық белсенділіктерін арттыру үшін алғышарт әзірленіп отыр» деді.

Осы мәлімет бойынша, екі тарап кездесуде қоршаған орта, көлік өндіру, дәрі- дәрмек жасау және "Джетро" ұйымының Теһранда белсенділігін арттыру жөнінде ынтымақтастық жасауды қуаттады.

 

 

Тегтер

Dec 07, 2016 21:35 Asia/Almaty
Сараптама