• Зариф Жапонияға аймақта лаңкестікті бәсеңдетуде өз рөлін пайдалануға кеңес берді

Иран Сыртқы істер министрі Жапонияға аймақтағы өзге елдермен саяси байланысын пайдалану арқылы оларды лаңкестерге демеушіліктен бас тартуға ынталандыруға шақырды.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Токиода Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кисидамен кездесуде: «Иран аймақ тұрақтылығының тірегі ретінде Жапониядан Таяу Шығыста тұрақтылық орнатуда белсенді рөл атқаруды күтеді» деді.

Мұхаммад Джавад Зариф сондай- ақ Жапонияның "Ортақ қадам" келісімінің кейбір ережелері мен мазмұнын орындауда рөл атқаруына және Токионың өзге салаларда, соның ішінде банкаралық және экономикалық байланыста да Иранда белсенді құзырға ие болуына үміт білдірді.

Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кисида да "Ортақ қадам" келісімін бұлжытпай орындауды қуаттап, елінің "Ортақ қадам" келісімін қолдайтындығын және оны іс жүзінде күшіне енгізу үшін тиісті ынтымақтастық жасайтынын айтты.

Ол сондай- ақ халықаралық бейбітшілікті жоғарылатудағы Иранның маңызды да белсенді рөлін қуаттады.

 

 

Тегтер

Dec 07, 2016 21:41 Asia/Almaty
Сараптама