• Зариф:

Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның халықаралық қауымдастықпен бірге "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруға талпыныс жасайтынын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Токиода Жапонияның халықаралық істер кеңсесінің мүшелері алдында сөйлеген сөзінде: «Ядролық келісім Иран мен Америка арасындағы біржақты келісім емес, өзге елдер тарапынан қуатталған және Еуропа Одағы оған атсалысқан көпжақты келісім болып табылады. Соңында БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесі бір қарар негізінде оны бекітті.

"Ортақ қадам" келісімінің баяндылығы Америка мен халықаралық қауымдастық үшін пайдалы. Өйткені АҚШ осы уақытқа дейін Иранға қарсы санкциялардан еш пайда көрген жоқ. Алайда Иран төзімділіктің арқасында өз экономикасының ілгерілеуі мен халқының қауіпсіздігіне кепілдік жасады. "Ортақ қадам" келісімі бұзылмайды, өйткені дипломаттар барлық қате таңдауларды сынап көргеннен кейін дұрыс бағытты таңдады» деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай- ақ бұдан былай екі немесе бірнеше алпауыт елдің әлем үшін шешім қабылдай алмайтынын баса айтып: «Үкіметтік емес ұйымдар қазір әлемдік басты ойыншыларға айналған.  Әлемнің келешегі мен билеуші жүйеге ықпалын тигізуге олардың шамасы жетеді» деді.

 

 

Тегтер

Dec 08, 2016 22:11 Asia/Almaty
Сараптама