• Мәскеуде Ресей, Сирия және Иран үшжақты отырыс өткізді

Ресей, Сирия және Иран Сыртқы істер министрлерінің үш жақты отырысы жұма күні Мәскеуде өтті. Бұл отырыс Ресей, Сирия және Иран Сыртқы істер министрлері, Сергей Лавров, Валид әл-Муаллим және Мұхаммад Джавад Зарифтің қатысуымен Сирия дағдарысын шешуге байланысты кеңесу мақсатында Мәскеудегі Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында жабық есік жағдайында өткізілді.

Сирия сахнасындағы жуырдағы өзгерістер, әсіресе Сирияның Идлиб облысындағы Хан-Шейхун қаласындағы химиялық оқиға мен осы химиялық оқиғаны сылтауратып, АҚШ-тың Сирияның Шейрат әуе базасына зымырандық шабуыл жасауы Мәскеуде Ресей, Сирия және Иранның үш жақты отырыс өткізудегі маңызды мәселелер болып табылады. Атап айтқанда бұл кездесуде Сириядағы соңғы жағдайларды қарастыру, Дамаск үкіметіне қарсы қысымдардың күшеюіне байланысты Батыс елдерінің Сирия үкіметіне қарсы дұшпандық әрекеттеріне қарсы ортақ позиция қабылдау мақсатында кеңесулер өткізу басты назарға алынды. Сәуірдің төрті күні Сирияның Идлиб облысындағы Хан-Шейхун аймағында орын алған химиялық оқиғаның факторларын анықтау мақсатында тәуелсіз әрі бейтарап зерттеу жүргізу қажеттілігі де осы келіссөздер кезінде қарастырылған негізгі тақырыптардың бірі болды. Сондай-ақ, отырыс барысында Сириядағы дағдарыстың саяси шешімін табу үшін осы елге көмек көрсету мақсатында қажетті шаралар мен саяси жетістіктерді зерттеу отырыстың күн тәртібіне қойылған болатын.

Қазіргі таңда Сириядағы жағдай мен Мәскеудің Батыс елдерінің Сирияға қарсы қарардың алғынұсқасына вето жариялауына байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі тығырыққа тірелген жағдайына байланысты алдағы күндері Сирия үкіметіне қарсы саяси қысымдардың бұрын-соңды болмағандай күшеюінің куәсі болу күтілуде. Әсіресе, БҰҰ-ның химиялық оқиғаны бекіту арқылы Хан-Шейхун оқиғасы туралы химиялық қаруды пайдалануға тыйым салуға негізделген ұстанымына байланысты бұл мәселені Сирия үкіметіне қарсы жаңа сылтау ретінде пайдалану болжанып отыр. Бұл Сирия үкіметінің Хан-Шейхундағы химиялық қаруды пайдалану мәселесіне қатысты тәуелсіз зерттеу жүргізуді сұрап, оны қасақана ұйымдастырылған және Дамаскке қарсы әскери әрекет жасауға сылтау табу мақсатында жасалған деп бағаланған жағдайда орын алып отыр. Дәл қазір Ресей Сириядағы жағдайды тұрақтандыруды көздеуде. Ресей басшылары АҚШ-пен әуе қауіпсіздігі туралы меморандумының жалғасуының маңыздылығы, Хан-Шейхундағы химиялық шабуыл туралы арнайы зерттеу комиссиясын құру және Сирия үкіметі мен қарсыластары арасындағы Женева мен Астанадағы келіссөздердә жалғастыру қажеттігін қуаттады. 

Сириядағы барлық химиялық қарулар Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының мәлімдемесі негізінде жойылған болатын. Дәл қазір Мәскеудегі отырыстағы маңызды мәселелердеің бірі Сирия дағдарысына саяси шешім табу жолын алға ілгерілету мақсатында Астанада жаңа келіссөздер өткізуге негіздер әзірлеу болып табылады. Осыған байланысты, Сирия үкіметінің өзінің ресейлік және ирандық серіктестерімен бірге адал ниеттерін көрсету мақсатында осы отырыста да Сирия дағдарысының саяси шешімін ілгерілетуді қалағандарына қарамастан, Астана отырысы мен Женева келіссөздерінің кейінгі кезеңіне қатысқан қарсылас топтардың бір бөлігі қазір АҚШ-тың зымырандық шабуылы мен Трамп үкіметінің Башар Асадтың билік басынан кетуі қажеттігін қуаттауына байланысты, жаңа бейбітшілік келіссөздеріне онша көңіл аудармай, оның орнына батыстық-арабтық коалицияның қолдауымен әскери әрекеттерді ілгерілетуді қалап отырған секілді.

 

Тегтер

Apr 15, 2017 15:17 Asia/Almaty
Сараптама