• Ресей БҰҰ-на Солтүстік Корея атқан зымыран туралы мәлімет ұсынды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі хат жолдап, БҰҰ-ның хатшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесіне Иркутск аймағында Воронеж радарының 2017 жылдың шілденің төрті күні Пхеньянның солтүстік-батысынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Сохе зымырандық лабортатория орталығынан атылған Солтүстік Кореяның орта қашықтықтағы "Хвасонг-14" баллистикалық зымыранының ізін кескенін хабарлады.

Ресейдің хатында зымыранның ұшу уақытының шамамен 14 минутқа созылғаны, биіктігінің 535, ұзақтығының 510 шақырым болғаны айтылған. Баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлаған.

Тегтер

Jul 10, 2017 07:45 Asia/Almaty
Сараптама