• Ресей АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ортақ әскери жаттығу өткізуіне қарсылық білдірді

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Корей түбегіндегі жағдайды тыныштандыру үшін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның өткізіп жатқан ортақ әскери жаттығуларын тоқтатуды сұрады.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя Корей түбегіндегі жағдайды тыныштандыру үшін АҚШ пен Оңтүстік Кореяның өткізіп жатқан бірлескен әскери жаттығуларын тоқтатуды сұрап: "АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларын тоқтату Корей түбегіндегі бейберекеттіктерді азайтады.

АҚШ пен Солтүстік Кореяның өткен екі күн ішінде мәлімдеген бітімгерлік туралы кейбір сөздері Корей түбегіндегі бейберекеттіктердің бәсеңдегендігінің жақсы нышандары еді",- деп мәлімдеді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Корей түбегіндегі дағдарыстың саяси жобасын анықтау қажеттігін қуаттап: "Қазіргі таңдағы жалғыз шешім – Ресей мен Қытай ұсынған ортақ жоба. Бұл ұсыныста ядролық қарусыздану жолында қадам басу үшін бірлесіп талпыныс жасау мен Корей түбегінде бейбіт механизм орнатуға сілтеме жасалған",- деді.

Соңғы апталардағы Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуінің жалғасында Вашингтон мен Пхеньянның тәжікелесуі мен текетіресі өзінің шарықтау шегіне жетті.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне реакция білдіріп, тамыздың бесі күні бұл елге қарсы санкцияларды күшейту туралы қарар қабылдады.

 

Aug 18, 2017 09:16 Asia/Almaty
Сараптама