• АҚШ-та соңғы он екі жылда бірінші рет жойқын дауыл болды

Техаста болған Харви (Harvey) жойқын дауылы селге айналған толассыз жаңбырмен қатар жүріп, штаттағы жүздеген тұрғын үйді толығымен қиратты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Техас штатындағы Рокпорт қаласының мэрі осы дауылдан бір адамның қаза болып, ондаған адамның жараланғанын растап, ықтималды құрбандарды анықтау үшін құтқару жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Харви (Harvey) дауылы соңғы он екі жылда АҚШ-тың осы аймағында орын алған ең жойқын дауыл болды. Техас штатының әртүрлі аудандарында 250 мыңнан астам абоненттің электр қуатынан айырылғаны хабарланды.

Жергілік дереккөздерінің хабарлауы бойынша, бұл штатта 4-5 күн электр тогы болмайды. Статистикалық мәліметтер бойынша, 12 млн-ға жуық адам ауыр су тасқыны мен соның зардабына ұшырау алдында тұр.

Харви дауылы Техас штатында мұнай өңдеу зауыттарының тоқтауына, бензин мен басқа да жанар-жағармай бағасының бірнеше есе өсуіне себеп болды.

Техас штатының басшысы Грег Эббот: «Бұл штат өте үлкен апатқа ұшырап отыр»,-деп мәлімдеді.

Aug 27, 2017 15:21 Asia/Almaty
Сараптама