• Харви дауылы Техас штатына 180 млрд доллар зиян тигізді

АҚШ-тың оңтүстігіндегі Техас штатының губернаторы Грег Эббот Харви дауылының шығынын 180 млрд доллар деп есептеп:

"Харви дауылының шығыны 2005 жылы болған Катрина дауылының шығындарынан әлдеқайда ауыр. Оның шығынын өтеу үшін 120 млрд доллардан астам қаражат қажет",-деді. АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен аптада бұл елдің Конгресінен осы дауыл салдарынан туындаған шығындарды өтеу үшін 7 млрд 850 млн доллар қаржы сұраған болатын.

 

Sep 04, 2017 20:44 Asia/Almaty
Сараптама