• АҚШ коалициясының Сирияға шабуылдары салдарынан жиырмадан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

ДАИШ-ке қарсы америкалық коалицияның әуе шабуылдары салдарынан Сирияның Ракка мен Дейр оз-Зор қалаларында 20-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапты.

«Тренд» ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ракканың маңында көбісі әйелдер мен балалар болған кемінде 11 адам, Дейр оз-Зордың солтүстігінде тағы 11 адам америкалық коалиция шабуылдарының құрбаны болды.

Осы мәлімет бойынша, шабуылдар екі қаланың ғимараттары мен инфрақұрылымына да зиян тигізген.

АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Ирак пен Сириядағы шабуылдарын бақылайтын Airwars тобы жуырда 2014 жылдан бері 3000-ға жуық бейбіт тұрғынның америкалық коалицияның Ирак пен Сириядағы әуе шабуылдарында қаза тапқанын хабарлады.

АҚШ соңғы жылдары лаңкестік топтармен күрес сылтауымен  Сирия мен Иракта бейбіт тұрғындарды сан рет нысанаға алды.

 

Sep 14, 2017 14:18 Asia/Almaty
Сараптама