• Зариф: Путин елінің Иранмен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі

Иран Сыртқы істер министрі: «РФ Президенті Ресейдің Иранмен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі. Қазіргі байланыстар одан ары кеңейе түседі»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Сочиде РФ Президенті Владимир Путинмен кездескеннен кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Ресей Президентімен сұхбат барысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының қайта қарастыруға болмайтын жан-жақты халықаралық келісім екені және барлық тараптардың осы бағдарламаға берік болу қажеттігі баса айтылды.

Иран мен Ресей арасында Сирияда тыныштық орнату мақсатында жақсы әріптестік жасалып жатыр. Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Сирия бейбітшілігі келіссөздерінде осы елде тыныштық орнатып, саяси үдерісті бастау үшін көбірек жетістікке қол жеткізілетіндігіне үміттенемін»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен де кездесіп, Таяу Шығыстағы маңызды өзгерістерді талқылады. Лавров Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне берік екенін қуаттады. Ресей Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, аймақтағы араб елдерінің ИИР-мен келіссөздер жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Лавров сәрсенбі күні Сочиде Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен кездескеннен кейін: «АҚХА күткендей, Иран өзінің барлық міндеттемелеріне табандылық танытты»,-деді.    

 

Sep 14, 2017 14:28 Asia/Almaty
Сараптама