•  БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Мьянма мұсылмандарына қарсы қатігездіктерге алаңдаушылық білдірді

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Мьянманың Ракхайн облысындағы рохинья мұсылмандарына қарсы қатігездіктер мен олардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні Мьянмада рохинья мұсылмандарына қарсы қатігездіктерді тоқтату үшін шұғыл шара қолдануды талап етті.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі, сондай-ақ, жедел жәрдем берушілердің Ракхайн облысына жетуіне мүмкіндік жасауды сұрады. Сонымен қатар, Антониу Гуттериш сәрсенбі күні: «Қалыпты өмір жағдайын қамтамасыз ету  үшін Мьянмадағы рохинья мұсылмандарына азаматтық немесе құқықтық статус беру керек. Мьянма басшылары қатігездіктерді тез арада тоқтатып, елден кетуге мәжбүр болған адамдардың қайтып келу құқығын ресми түрде тануы тиіс»,-деп баса айтты.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариаты сәрсенбі күні: «Өткен 24 сағаттың ішінде тағы 9 мың рохинья мұсылманы Мьянмадағы Ракхайн облысынан Бангладешке қоныс аударды»,-деп хабарлады.  

 

Sep 14, 2017 14:36 Asia/Almaty
Сараптама