• Джахангири: Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымымен әріптестікке дайын

ИИР-ның вице-президенті: "Иран аймақ пен әлем деңгейіндегі ұйымдармен ынтымақтастық жасауды бейбітсүйгіш, бақуаттылық пен қауіпсіздікті қалайтын барша мемлекеттер, халықтар мен үкіметтер үшін пайдалы деп есептейді",- деді.

Исхақ Джахангири жұма күні Ресейдің Сочи қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің вице-президенттерінің 16-шы отырысында: "Иран ШЫҰ-на мүше елдермен әріптестіктер деңгейін арттыру арқылы аймақтық және әлемдік бейбітшілік, тұрақтылық, қауіпсіздік пен дамуды тұрақтандыруға көбірек үлес қосуға әзір",- деп мәлімдеді.

Джаһангири Иранның ШЫҰ-на мүше барлық елдерге достық қолын ұсынатынын айтып: "АҚШ үкіметінің бүлдіргі әрекеттері мен міндеттемелерін орындамауына қарамастан, Иран мен "алтылық топ" арасындағы ядролық келісім және әділетсіз санкциялардың күшінің жойылуы Иранның аймақтық серіктестерінің, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің серіктестігі мен әріптестігі үшін жаңа мүмкіндік тудырды.

ШЫҰ Иранның географиялық орыны мен "Солтүстік-Оңтүстік», «Шығыс-Батыс" дәлізі, Бүкіл азиялық темір жол дәлізі мен Парсы шығанағы – Қара теңіз дәлізі секілді кейбір халықаралық маңызды тасымал дәліздерінің тоғысқан жерінде орналасуын аймақ елдерінің экономикалық даму, өркендеу мен ілгерілеу мақсатындағы маңызды бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін пайдалана алады", - деп баяндады.

 

 

Dec 02, 2017 15:26 Asia/Almaty
Сараптама