• Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара тақырыбындағы дау аяқталды

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекаралық дау-дамай екі ел вице-премьерлерінің ынтымақтастық жөніндегі меморандум мен жол картасына қол қоюдың нәтижесінде аяқталды.

Меморандумға сенбі күні Астанада Қырғызстан вице-премьері Толқунбек Абдығулов пен Қазақстанның вице-премьері Асқар Мамин қол қойды.

Меморандумға сәйкес, екі ел арасындағы шекаралық бекеттер жексенбіден бастап қалыпты жағдайда жұмыстарын жалғастырады. Қырғызстан вице-премьері Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбеков қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен жуырда Минскте өткен Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Шарт ұйымына  мүше елдер президенттерінің бас қосуы шеңберінде өткізген кездесу мен келіссөз нәтижесінде Астанаға іс-сапармен барды.

Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекаралық даудың тарихы тереңде жатыр. Дегенмен, бұл дау өткен айда шиеленісе түсті. 2017 жылы қазанның оны күні Қазақстан үкіметі Қырғызстанмен арадағы шекарадан адамдар мен тауар өткізу режимін шектеген болатын. Соның салдарынан қырғыз елінен Қазақстанға келетін адамдар мен тауар тиеген жүк көліктерінің ұзақ кезектері пайда болды. Бұл даудың жалғасында Қырғызстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одағына Қазақстанның атына шағым түсірді.

Кеңес одағы тарағаннан кейін Орта Азия аймағындағы маңызды мәселелердің бірі шешілмеген шекаралық дау-дамай болып табылады. Өткен он жылдың ішінде бұл аймақтағы барлық мемлекеттер өздерінің шекаралық келіспеушіліктерін шешу үшін түрлі келіссөздер өткізумен болды. Келіссөздер өте баяу ілгерілеп, тіпті кейде қайта артқа шегінуге мәжбүр болатын жағдайлармен бетпе-бет келді.

Кейбір жағдайда келіспеушіліктер шекара сызығын белгілеуге қатысты болса, кейде екі ел арасындағы шекара бекеттерінің жұмысын бұзып, кедергі келтіріп келеді. Қалыптасқан дауды шешу мақсатында екі ел бір келісімге келді. Бұл келісім Еуразиялық экономика одағының арнайы комиссиясының бақылауымен жүзеге асырылады. Екі ел арасындағы келісімге сәйкес, халық пен тауардың ортақ шекаралық бекеттерден өтуі ерікті түрде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Орта Азия елдері арасындағы шекаралық мәселелерді шешу үшін мына маңызды жайтты білген жөн: Бұл аймақтың экономикалық тұрғыдан маңызы артқан сайын осы елдер арасындағы ортақ мүдделерді назарға алу өте маңызды әрі қажет шартқа айналған. Бұл елдердің ортақ мүдделеріне назар аудару ұзақ мерзім аралығындағы тиміділіктің артуы мен аймақтық тұрақтылықтың сақталуы деген мағынаны білдіреді. Бұл іс осы аймақтың экономикалық даму үдерісіне кепілдік береді.

 

 

Dec 04, 2017 18:00 Asia/Almaty
Сараптама