• Лариджани: Шетелдік күштердің құзырынан кейін Ауғанстанда есірткі заттарының өндірісі 45 есеге артқан

Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Ауғанстанда есірткі заттары өндірісінің 2001 жылғы 200 тонна көлемнен 2017 жылы 9000 тоннаға жеткенін мәлімдеді.

Әли Лариджани Мәскеуде есірткі заттармен күрес тақырыбындағы халықаралық конференцияның ашылу рәсімінде батыс елдерінің Ауғанстанға шабуыл жасаудағы уәждерінің мақсаттарын өтірік деп атап, Ауғанстандағы шетелдік күштердің құзырынан кейін есірткі заттары өндірісінің 45 есеге артқанын айтты. Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы сөзінің жалғасында: "Ауғанстандағы есірткі заттарының өндірісі мен контрабанданың артуы осы елдің өзіне бүлдіргі салдарларды таңумен қатар, транзит жолындағы елдерге, әсіресе Ауғанстанмен көршілес елдерге орны толмас шығын келтірді" деді. 

Лариджани лаңкестік пен есірткі заттарының өндірісі мен контрабандасын бір-бірінен бөлуге болмайтынын қуттап: "Есірткі заттарының контрабандистері мен лаңкестер және олардың қолдаушылары әртүрлі деңгейлерде ортақ мүдделерге ие" деді. Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Иранның есірткі заттары контрабандасымен күрес саласында да талпыныс жасап жатқанына тоқталып: "Әлемдегі есірткі заттары контрабандасымен күрестегі алдыңғы шептегі ел Иранның осы жолда үш мыңнан астам азаматы шәһид болды" деп баса айтты. Лариджани сонымен қатар есірткі заттарымен күресу үшін шешім жолдарын ұсыну саласында тәжірибелері және ақпараттарымен, бекіткен заңдары және ұстанып отырған саясаттарымен  алмасуға, есірткі заттарымен күресу үшін екі жақты, аймақтық және халықаралық деңгейлерде серіктестіктерді жылдамдатып, жеңілдету үшін парламенттік топтар құруға ықылас білдіріп: "Парламенттер мен үкіметтер есірткі заттарымен күрес саясаттарына лаңкестікпен күрес саясаттарымен бірге басымдылық беруі керек" деді.

Есірткі заттарымен күрес туралы халықаралық конференция әлемнің 40-тан астам елінің Парламент басшыларының, соның ішінде ИИР Мәжіліс төрағасының қатысуымен бүгін, дүйсенбі күні Мәскеуде жұмысын бастады. 

Dec 04, 2017 22:09 Asia/Almaty
Сараптама