• Германия мен Франция Иранның зымырандық қорғаныс бағдарламасын қоқан-лоққы деп көрсетуде

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан дүйсенбі күні германиялық әріптесі Зигмар Габриельмен өткізген ортақ баспасөз отырысында Иранды аймақта қастандықтарды ұйымдастырушы деп айыптап, Ираннан баллистикалық зымырандар шығару бағдарламасынан бас тартуды талап етті.

Иранның зымырандық күш-қуатын аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті бұзу факторларымен байланыстыру аймақтың бейберекеттігіне алаңдаушылық білдіру емес, өздерінің билікқұмар мақсаттарын алға ілгерілету мәселесіне байланысты.

Батыс Иранның мықты әрі тәуелсіз болғанын қаламайды. Өйткені, ИИР бөгделердің аймақ халықтарының тағдырына араласып, билеп-төстеу саясатын жүргізуіне қарсы. Егер ИИР олардың саясаттарын қабылдағанда, бүгінде жағдай өзгеше болып, АҚШ пен Еуропа Иранға қарсылық білдірмейтін еді. Иран сан рет мұндай ұстанымның өз елінің ұлы халқы үшін құнсыз екенін көрсетті. Мұндай уәждер Иран мен Еуропа қарым-қатынастарының шығындарын арттыруымен бірге Иранның зымырандық қорғаныс күшін дамытып, жігерін де арттыра түседі. Иран мен аймаққа қоқан-лоққы жасаушылар өздерінің болмыстарын одан сайын әшкерелеуде. Егер Франция Сыртқы істер министрі айтқандай Иран аймақта қастандықтарды ұйымдастырғанда, бүгін аймақ қана емес, еуропалық қалалар, тіпті Америка Сауд Арабиясы, Израиль мен  Франция мен Американың өзі сияқты кейбір үкіметтер қолдап отырған ДАИШ пен басқа да лаңкестік топтардың әрекеттерінің мекеніне айналатын еді.

Иранның ядролық келіссөздері алға ілгерілегеннен бері АҚШ пен Еуропа Иранды қоқан-лоққы етіп көрсету үшін жаңа сылтаулар іздеуде. Бұған дейін АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын сылтауратып, Еуропада зымырандық қалқан жүйесін орнатқан болатын. АҚШ Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімнің жасалғанына қарамастан НАТО-ның Еуропадағы зымырандары қалатынын жариялады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың пікірінше, АҚШ-тың сөзі мен ісіндегі қайшылықтар ең басынан бастап Иранды қауіп-қатер етіп көрсетуді көздегенінің белгісі.

Иранды қоқан-лоққы деп көрсету тек сылтау ғана. Бірақ, Иранның зымырандық күшіне қатысты ұстанымы табанды. Иранның зымырандық күш-қуаты  стратегиялық қорғаныс ретінде қажет. Иран бұл қажеттілігін қорғау үшін басқаның рұқсатын қажет етпейді. Егер, АҚШ пен Еуропа аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі туралы алаңдайтын болса, өз уақыттарын босқа кетірмей, БҰҰ-ның қарусыздандыру және Таяу Шығысты Израильдің жаппай қырып-жоятын және ядролық қарулардан босату туралы қарарларды іске асырумен айналысқаны жөн болар еді. Иранның зымырандық күш-қуатын қоқан-лоққы етіп көрсетуге талпыныс жасау олардың араласушылық саясаттарын көрсетеді.                                                                                                                                                                                                                                        

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

 

Dec 05, 2017 16:50 Asia/Almaty
Сараптама