• Могерини АҚШ елшілігінің Бейт ул-Мұқаддасқа көшірілуіне қарсы

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Вашингтонның АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы біржақты шарасына қарсылық білдірді.

Федерика Могерини АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесуінде: "АҚШ-тың өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіріп, бұл қаланы Израиль режимінің астанасы ретінде ресми танудағы кез келген шарасы қауіпті. Бұл  Таяу Шығыстағы қақтығыстардың тереңдей түсуіне  соқтырады",-деді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы жобасы палестиналықтар мен әлемдік қауымдастықтың өткір сынына ұшырады.

Dec 06, 2017 21:31 Asia/Almaty
Сараптама