• 250 зиялы адам Йемен соғысын тоқтату үшін үш елдің басшыларына хат жолдады

Бір ассоциацияның 250 мүшесі АҚШ Президенті Дональд Трамп, Франция Президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэйге хат жолдап, олардан Сауд Арабиясына қару-жарақпен қолдау көрсетуді тоқтатуды сұрады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Францияның Le Monde газетінде жарияланған "1000 күндік соғыс. Йемен енді күте алмайды. Йеменнің төзімі таусылды" атты хатта: "Йеменде соғыстың жүріп жатқанына 1000 күн болды. Бұл соғыс Йеменді әлемдегі ең алапат гуманитарлық апатқа душар етті",-деп жазылған.

Хатта Йеменнің тарихи апат алдында тұрғаны айтылып, әрбір 10 минутта бір йемендік баланың аштық пен аурудан көз жұматыны баса айтылды.

Сауд Арабиясы АҚШ, Франция, Ұлыбритания мен тағы бірнеше елдің, соның ішінде БАӘ-нің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменге шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз бен әуеден қоршауға алды.

 

Тегтер

Dec 24, 2017 16:45 Asia/Almaty
Сараптама