• АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы туралы құжаты қате сараптамаларға негізделген

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани: "Иран, Ресей және Түркия Ирак пен Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобын жоюға көп күш салған жағдайда АҚШ бұл салада ешқандай рөл атқармағанына қарамастан өзінің стратегиялық құжатында бұл істі өз атына тіркеді",- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Лариджани жексенбі күні кешке Пәкістанның астанасы Исламабадта өткен "Аймақтық байланыстарды арттыру арқылы ортақ әл-ауқатты жақсарту жолындағы көкжиектерді тану" атты отырыста сөйлеген сөзінде: "АҚШ НАТО ұйымы мен Америка күштерінің 2001 жылдан бері Ауғанстан жерінде орналасып, бұл елдегі есірткі заттары өндірісін 9000 тоннаға жеткізіп, соның садарынан есірткі заттары өндірісінің көлемін 45 есеге арттырған жағдайда есірткі заттарының контрабандасын жойғаны туралы уәж айтуда.

Вашингтон сонымен қатар палестиналықтардың пікіріне қайшы өз елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіруді мақсат еткен жағдайда АҚШ өзінің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы туралы құжатында Палестина мен Израиль арасында бейбітшілік орнатылатындығына сілтеме жасаған",- деп мәлімдеді.

Лариджани АҚШ-тың аймақта шиеленіс тудыруды көздеп отырғанын айтып: "АҚШ-ның стратегиялық құжатындағы Оңтүстік Азия елдеріне Қытайдың артып бара жатқан ықпалына қарсы және жаппай қырып-жою қаруларынан қорғауда көмектесетіні туралы уәждері жалған",- деді.

 

 

Тегтер

Dec 25, 2017 15:16 Asia/Almaty
Сараптама