• Иран мен Пәкістан парламентаралық байланыстарын нығайтуды  қуаттады

Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мен Пәкістан ұлттық мәжілісінің төрағасы Сардар Айаз Садеқ дүйсенбі күні таңертең Исламабадта кездесіп, парламентаралық байланыстарды нығайту және екіжақты қарым-қатынастарды күшейту үшін талпыныс жасау қажеттігін қуаттады.

Пәкістанның ұлттық мәжілісінің төрағасы Сардар Айаз Садеқ кездесуде Иранның парламенттік делегациясының Исламабадта аймақтың алты мемлекетінің мәжіліс төрағаларының алғашқы отырысына қатысуына алғыс білдіріп: «Иранның Мәжіліс төрағасының бұл отырысқа қатысуы отырыстың сәтті өтуінің маңызды дәлелі болып табылады» деді.  

Пәкістанның ұлттық мәжілісінің төрағасы Иран мен Пәкістанның дұшпандары мен достары бір деп атап, Иран Ислам Республикасының Исламабад үшін маңызды мемлекеттердің бірі болып табылатынын қуаттады.

Әли Лариджани Иран мен Пәкістанның бүкіл салада достық байланыс орнатқанына тоқталып, «Gwadar» және Чабаһар порттары арасында рельстік және тас жол байланысын қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі мәжілісінің төрағасы «Gwadar» және «Chabahar» порттары арасында рельстік және тас жол байланыстарын екі елдің мүддесіне деп атап: «Бұл келісім әлем үшін жағымды жолдау бола алады» деді.

 

Тегтер

Dec 25, 2017 22:51 Asia/Almaty
Сараптама