• Ресей АҚШ-қа Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар салуына қатысты ескерту жасады

Ресейдің СІМ АҚШ-қа Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар салуына қатысты ескерту жасады.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова: "Мәскеу АҚШ тарапынан Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынған жағдайда қарымта әрекетке баратын болады. АҚШ Ресеймен барлық салалар бойынша әріптестік жасаудың өзіне пайдалы екенін түсінуі тиіс",-деді. Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы, сонымен қатар, АҚШ-тың Ресейді "Ашық аспан" келісімін бұзды деп айыптауының негізсіз екенін айтып: "Мәскеу 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап АҚШ-қа жауап беру үшін жаңа шара қолданады.   

АҚШ Ресейді "Ашық аспан" келісімін бұзды деп айыптау арқылы біржақты шара қолданып, ресейлік ұшқыштардың АҚШ-ты бақылау миссиясын орындауына барынша қиындық тудырды",-деді. "Ашық аспан" келісімі 1992 жылы АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джордж Буштың бастамасымен ұсынылып, оған қол қойылды.  Соның негізінде осы келісімге қол қойған елдердің көгінде әскери емес авиациялық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Онда мүше елдердің әскери күштерінің жұмыстарының ауқымдылығы мен ашықтығы қарастырылады.

 

Dec 29, 2017 19:25 Asia/Almaty
Сараптама