• АҚШ пен бөгде ақпарат құралдары Ирандағы халықтық шерулерді өз мүдделеріне пайдалануда

АҚШ басшылары мен бөгде, әрі революцияға қарсы ақпарат құралдары Иран халқының кейбір тауарлардың қымбаттауына наразылық білдіріп, жиындар өткізуін өз мүдделеріне пайдаланып, Иранда тынышсыздықтар мен бүлік тудыруға әрекет жасады.

Өткен екі күні Иранның бірнеше қаласының халқы жиналып, ұран айтып, қаржы мекемелерінен зардап шеккен адамдар жағдайларының шешілмегеніне, кейбір тауарлардың қымбаттауы мен үкіметтің бақылауының дәрменсіздігіне наразылық білдірді. Жиындар кезінде белгісіз адамдар алдын ала жоспарланған әрекеттерін іске асырып, халықтық жиындарды бүлікке айналдыруға талпыныс жасады. Наразылықтарды өз мүдделеріне пайдаланушылар бірнеше үкіметтік орталықтар мен банктерге шабуыл жасап, қоғамдық мекендерді қиратты.

Жағдайды өз мүдделеріне пайдаланушылар мен арандатушылардың халықты негізгі талаптарынан бұру әрекеттері АҚШ басшылары мен бөгде, әрі революцияға  қарсы ақпарат құралдарының, сондай-ақ аймақтағы әл-Сауд режимінің қолдауымен бетпе-бет келді.

АҚШ үкіметі бүлік жасауға азғырушыларды қолдап, басқа елдерді де Иран халқын қолдауға шақырды. АҚШ, Батыс және Сауд Арабиясының ақпарат құралдары Иранның кейбір қалаларындағы халықтық жиындарды саяси сипатқа ие деп көрсету талпыныстарын арттырды.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ басшыларының Иранның ішкі істеріне араласушылық туралы сөздеріне реакция білдіріп: «Иран халқы АҚШ басшыларының жалған ұрандарына мән бермейді»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер

Dec 31, 2017 22:38 Asia/Almaty
Сараптама