• АҚШ: Уолл Стрит қозғалысын басып-жаншудан Ирандағы наразылықтарды қолдауға дейін

Өткен бірнеше күнгі тұрмыс пен экономикалық жағдайға наразылық білдірумақсатын көздеген жиындар Иранның кейбір қалаларында тәртіп бұзушылыққа айналып, кейбіреулер қоғамдық мүлікті қиратуға әрекет жасады. Бұл оқиғаларды Иранға қарсы дұшпандық ұстанымын жалғастыру үшін қолайлы сылтау көрген АҚШ Президенті Дональд Трамп, Твиттердегі парақшасында бейберекеттіктерді сан рет қолдады.

Трамптың "Иран халқын қолдау" деп атаған ұстанымдары ол Ақ үйге кірісімен иранофобияны өзінің сыртқы саясатына қатысты маңызды шешімдерінің бірі ретінде жариялаған жағдайда айтылуда. Ол өзінің араласушылық ұстанымын жалғастырып, негізсіз айыптарын қайталап: "Иран – үкіметтік лаңкестікті қолдайтын мемлекет. Бұл елден адам құқықтарының бұзылуы жайттарын көп кездестіруге болады",- деп жазды.

Алайда Трамптың АҚШ-тағы осыдан біраз уақыт бұрын орын алған оқиғаларына, соның ішінде Уолл Стрит қозғалысына шолу жасап, осы кездегі Ирандағы экономикалық наразылықтарды қолдауға қандай құжатпен келгенін еске алғаны жөн.

2012-ші жылдың басында АҚШ-тың әділетсіз экономикалық жүйесіне наразылық білдірген жиындар өтті. Наразылықтар 2011-ші жылдың қыркүйек айының 17 күні АҚШ-тың экономикалық орталығында, яғни Уолл Стритте басталып, «Уолл Стрит қозғалысына» айналды.

"Уолл Стритті басып алыңдар" қозғалысы өзінің вебсайтында: "Біз, өз үйлерінен қуылғандар – 99 пайызбыз.  Біз медициналық қызметтен мақұрым болдық. Біз қоршаған ортаның ластығынан қиындық көрудеміз. Біз жалақының аздығына қарамастан жұмыс болса, ұзақ уақыт жұмыс істейміз. Басқа бір пайызды құрайтын  адамдар барлық нәрсенің иесі. Біздің қолымызда еш нәрсе жоқ. Біз қоғамның 99 пайызын құраймыз",- деп жазды.

Массачусетс университетінің экономика пәнінің ұстазы Франклин Фишер Уолл Стрит қозғалысының пайда болу себептері туралы: "Бұл қозғалыстың пайда болуына көптеген факторлар себеп болды. Халық АҚШ-тағы кіріс пен байлықтың тең бөлінбейтіндігіне наразы",- деді.

АҚШ үкіметі басында мұндай наразылықтарды маңызсыз етіп көрсетуге талпынды. Бірақ, наразыларды басып-жаншу және наразыларға атқа мініп шабуыл жасағаны, жерге құлаған адамдардың аттың аяғының астында қалуы туралы бейне материалдар бұл оқиғаның тек бір бөлімі болды. Егер мұндай оқиға әлемнің басқа, әсіресе Батысқа қарсылық білдіретін мемлекеттерінде орын алғанда, АҚШ пен оның одақтастары адам құқығын бұзу, қатыгездік, басып-жаншу және тағы да басқа мәселелерді көтеріп, айыптайтын еді. Бүгін АҚШ дәл осы әдісті Иран халқын қолдау ретінде қайталауда.

Бірақ Иран халқы осыдан үш ай бұрын Трамптың "Иран ядролық келісімге табанды емес" деген өтірігін және бұл халықты "лаңкес халық" деп атауын, сондай-ақ, ирандық азаматтарға АҚШ-қа кіруге тыйым салғанын ұмытпайды.  Трамптың осы кезде Иранға қарсы мақтан тұтып жасап отырған ісі халықты қорғау емес, тек алдау.

 

 

Тегтер

Jan 02, 2018 19:25 Asia/Almaty
Сараптама