• АҚШ Палестинаның автономиялық құрылымын қаржылай қолдауды тоқтатумен қорқытты

АҚШ Президенті Дональд Трамп Палестинаның автономиялық құрылымының сионистік режиммен бітімге келуді көздемейтіндігіне байланысты оған көрсетіп отырған қаржылай қолдауды тоқтатумен қорқытты.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп "Твиттердегі" парақшасында: "Ақ үйден бостан-бос миллиардтаған доллар алатын Пәкістан ғана емес. Басқа мемлекеттер мен көптеген  адамдар Ақ үйден ақша алады. Мәселен, АҚШ жыл сайын палестиналықтарға жүздеген миллион доллар қаржы бөледі, бірақ олар соның қадірін білмейді",- деп жазды. Ол Палестина мен сионистік режимнің арасында бітім келісімінің орнатылмауын сылтауратып: "Америка келіссөздердің ең қиын бөлімі болған Құдс мәселесін келіссөздердің күн тәртібінен алып тастады. Израиль ол үшін көп құн төледі, бірақ палестиналықтар бейбіт келіссөздерді жалғастырғысы келмейді. Ондай болса, Ақ үй палестиналықтарғы не үшін ақша төлейді?",- деп жазды.

 

 

Тегтер

Jan 03, 2018 18:03 Asia/Almaty
Сараптама