• Иран – Қытай сауда бағытындағы Жібек жолының буыны

Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолының тасымалдау жобалары тарихи Жібек жолы бағытының транзит және сауда жобасына айналуда.

Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сейсенбі күні мәлімдеме жариялап,  Қытайдың контейнер тасушы пойызының Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Иранға қарай жолға шыққанын хабарлады.

Иран, Қазақстан, Қытай мен Түркіменстан 2017-ші жылдың соңында төрт ел арасындағы темір жол қатынасының мөлшерін арттыруға келісті. Аймақтың географиясында Орталық Азия мен Кавказ елдерінің халықаралық суларға шығуы өте маңызды. Бұл Иранның  жолдары арқылы жүзеге асады.    

Иран, Қазақстан, Қытай мен Түркіменстанның ортақ темір жолын іске қосу мақсатындағы ынтымақтастықтары бұл салада үшін ерекше мұрсат. Сауда тұрғысынан Иран, Қазақстан, Қытай мен Түркіменстан темір жолы бүкіл аймақтың сауда ынтымақтастықтарына оң әсерін тигізетін пайдалы жобалардың бірі саналады.

"Жібек жолы пойызы" деп аталған Иран, Қазақстан, Қытай мен Түркіменстанның бірінші жүк тасымалдайтын пойызы екі жыл бұрын 2016-шы жылдың басында  Қытайдан шығып, 10339 километр жолды өтіп, 12 күннен кейін Теһранға жеткен болатын.

Енді келесі пойыз 2017-ші жылдың желтоқсан айының 29 күні жолға шығып, Қазақстанның «Болашақ» темір жол желісі және Түркіменстан арқылы Теһранға келе жатыр. Чанша-Теһран темір жолы Қазақстан мен Түркіменстаннан өтеді. Оның ұзындығы 10297 километр. Экспермиенттік пойыз 14 күнде діттеген жеріне жетеді. Бұл теңіз арқылы тасымалдаумен салыстырғанда уақыт тұрғысынан ең қысқа жол болады. 2014-ші жылы Иран-Түркіменстан-Қазақстан темір жолын іске қосу арқылы әлемнің Шығысы (Қытайдан Орталық Азияға дейінгі бөлімі) мен Батысын  (батыс еуропалық елдер) қосатын құрлық жолының ұзындығы шамамен 10000 километрге қысқарды. Иранның үлкен экономикалық нарығы мен Оман теңізі және Парсы шығанағы суларына ие болуы Иранның аймақтағы негізгі транзит орталығына айналуы үшін жақсы жағдай тудырады. Грекияның экономикалық зерттеу және бағдарлама орталығының маманы Теодор Таскирис бұл жобаның маңыздылығы туралы: "Тауарды темір жол және сумен тасымалдау қоршаған орта тұрғысынан да пайдалы, яғни таза болады",- деді.

Иранның аймақтағы стратегиялық жағдайы мен Сарахс-Рази-Инчебрун темір жолының іске қосылуына назар аударып, аймақ елдері арасында темір жол транзиті мен сауда қарым-қатынастарын орнату Иранның ынтымақтастық саласындағы басты мәселесі саналады. Осы салада Иранның сауда бағыты құрлық және су жолдарының тарихи Жібек жолымен қосылуында ең маңызды буын болып, ынтымақтастықтарды кеңейтуде маңызды рөл атқара алады.

 

 

Jan 03, 2018 19:21 Asia/Almaty
Сараптама