• Мәскеу: АҚШ-ның Иранға қатысты отырыс өткізу туралы ұсынысы күлкілі

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранда болған бейберекеттіктерге қатысты АҚШ-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен адам құқығы комитетінде арнайы отырыс өткізу туралы ұсынысын күлкілі деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Ресей СІМ баспасөз хатшысы Мария Захарова «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «АҚШ делегациясының маңызды мәселені көтергісі келетіндігі шәксіз. Мысал ретінде БҰҰ-ғы АҚШ-ның тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ-ның жаппай тұтқынға алу, Wall Street қозғалысын қатаң басып-жаншу, Фергюсон қаласын шерушілерден қатыгездікпен тазалау шараларындағы тәжірибесімен әлеммен бөлісе алады» деп жазды.

Сонымен бірге, Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ-нан Иран Ислам Республикасының ішкі істеріне араласудан тартынуды сұрады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Генг Шуанг Пекинде өткен баспасөз конференциясында: «Аймақтық дағдарыстарда, соның ішінде Сирия және Ирак мәселесінде жеңіліске ұшырып, оқшауланған Америка Құрама Штаты Иран Ислам Республикасынан кек алуды мақсат етеді» деді.

 

Тегтер

Jan 03, 2018 23:23 Asia/Almaty
Сараптама