• АҚШ сионистік режимнің қалашықтар салу ісіне тағы қолдау көрсетті

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Израильмен байланысы бар 206 компанияны қара тізімге қосу туралы осы ұйымның есебін сынады.

Никки Хейли БҰҰ-ның осы есебіне реакциясында: "АҚШ Израильге қарсы әрекеттермен табанды түрде күреседі",- деді. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарының кеңсесі компаниялардың аттарын атамай, Израильдің қалашықтар салу ісіне қатысы бар компанияларды қара тізімге қосқаны туралы есебін жариялаған болатын. Құдсты басып алушы режим 2017 жылы сионистер қоныстанатын жаңа 6742 тұрғын үй салып, 2013 жылдан бергі бұл көрсеткіштің қазірге дейін бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін растады.

 

 

Тегтер

Feb 01, 2018 21:56 Asia/Almaty
Сараптама