• Лариджани: Иран мен Ресейдің ортақ ынтымақтастықтары аймақта оң нәтижеге ие болды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Теһран мен Мәскеудің, әсіресе Сирия мен аймақ тынышсыздықтары мәселелерін саяси жолмен шешу саласында жақсы ынтымақтастыққа ие болғанын қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сейсенбі күні Ресей Думасының халықаралық істер комитетінің төрағасы әрі арнайы өкілі Леонид Слуцкиймен Теһрандағы кездесуінде Иран мен Ресейдің ынтымақтастықтарын жалғастыру қажеттігін баса айтты.

Лариджани Иран мен Ресейдің парламентаралық ортақ жоғары комиссиясын құруды Теһран мен Мәскеу арасындағы барлық салалардағы ілгерілеп келе жатқан ынтымақтастық үдерісін нығайтуға көмек болатын бастама деп атады.

Леонид Слуцкий де кездесуде әртүрлі салалардағы Иран мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтарды арттыру қажеттігін қуаттап: "Ресей мен Иранның ынтымақтастықтарын арттыру үшін барлық мүмкіндіктерге назар аудару керек. Мәскеу ортақ мақсаттарға жету үшін тиісті инфрақұрылымдарды ұсынуға  дайын",- деді. 

 

 

Feb 07, 2018 15:17 Asia/Almaty
Сараптама