• Парижде Иранға бағытталған Euromoney отырысы өтті

Euromoney қаржылай инвестиициялық ұйымының Иранға бағытталған екінші отырысы Иранның жоғары шенді экономикалық делегациясының қатысуымен бейсенбі күні Францияның астанасы Париж қаласында басталды.

Бұл Еуропа мен Азияның түрлі елдерінен келген онға жуық инвестор, банк және қаржылай институтының қатысуымен Парижде өткізіліп жатқан Иранға бағытталған екінші Euromoney отырысы саналады.

Екінші Euromoney отырысын өткізудегі басты мақсат Ирандағы әсіресе мұнай мен газ, туризм, тасымал және сақтандыру саласындағы инвестиция салу  мүмкіндіктерін таныстыру болып табылады.

 

 

Feb 08, 2018 19:34 Asia/Almaty
Сараптама