• Трамп: Иран, Венесуэла, Куба мен Солтүстік Корея – басып-жаншушы режимдер

АҚШ Президенті бейсенбі күні тәуелсіз елдерге қарсы ағат сөйлеуін жалғастырып, ИИР, Венесуэла, Куба мен Солтүстік Кореяны басып-жаншушы режимдер деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп 1953 жылдан бері АҚШ-та жыл сайын өткізіліп, осы ел Президенттері қатысып, сөз сөйлейтін "Ұлттық дұға таңғы асы" атты рәсімде күлкілі уәж айтып, Иран, Венесуэла, Куба, Солтүстік Корея мен басқа елдердегі миллиондаған адамның «рақымсыз басып-жаншушы режимдерден» зорлық-зомбылық көріп отырғанын айтты.

Трамп Иран, Венесуэла, Куба мен Солтүстік Кореяға қарсы айып таққаннан кейін АҚШ-тың осы елдердің халықтарының қасынан табылатынын айтты.

Трамптың Иран, Венесуэла, Куба мен Солтүстік Корея халықтарының қасынан табылу туралы күлкілі уәждері  Вашингтонның соңғы жылдары тәуелсіз елдерге, соның ішінде Иран, Венесуэла, Куба мен Солтүстік Кореяға әділетсіз санкцияларды таңу арқылы осы елдердің халықтарының қысым көруінде басты рөл атқарған жағдайда айтылып отыр. Трамп, сондай-ақ, өткен жылы Иран, Венесуэла мен Солтүстік Корея азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салды.

 

Feb 09, 2018 21:46 Asia/Almaty
Сараптама