• АҚШ Мемлекеттік хатшысы

АҚШ Мемлекеттік хатшысы «АҚШ президенті Иранның ядролық келісіміндегі кемшіліктерді жоюды қалайды" деген уәж айтты.

Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи сәрсенбі күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасына өзгеріс енгізу үшін жасап жатқан талпыныстарына реакция білдіріп: "Қайта келіссөз бастау, "Ортақ қадам" бағдарламасына өзгеріс енгізу немесе оған қосымша тіркеу мен кез келген түсіндіру келтіру мүмкін емес",- деді.

Ресей СІМ орынбасары Сергей Рябков та "Ортақ қадам" бағдарламасының өте жақсы ойластырылған келісім екенін баяндап: "Мәскеу "Ортақ қадамға" өзгеріс енгізбеуге  байланысты міндетті түрде ирандық достарының жанынан табылады",- деп баса айтты.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бейсенбі күні Ливанның астанасы Бейрутте Иранның ішкі істеріне араласып: "Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламалары бақылауға алынуы тиіс. ИИР баллистикалық зымыран бағдарламалары саласындағы белсенділігін әлі жалғастыруда"- деді.

 

 

Feb 16, 2018 19:00 Asia/Almaty
Сараптама