• Иранның футбол командасы Азия құрлығының ең үздік тобы атанды

Иранның футбол бойынша ұлттық құрама командасы Әлемдік футбол федерациясының FIFA ең соңғы рейтингі бойынша Азия құрлығы командалары арасында көш бастап келеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Иранның футбол бойынша ұлттық құрама командасы FIFA-ның 2018 жылы ақпан айындағы рейтингіне сәйкес, 790 ұпаймен өткен аймен салыстырғанда бір орынға жоғары көтеріліп, әлем бойынша 33-ші орынға, Азия құрлығында 1-орынға орналасты.

Әлемдік рейтинг бойынша, Германия, Бразилия, Португалия, Аргентина, Бельгия, Испания, Польша, Швейцария, Франция мен Чили 1-10 орындарға орналасқан.

Азия құрлығы бойынша, Ираннан кейін Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы 2-5 орындарды иеленген.

 

 

Тегтер

Feb 16, 2018 21:29 Asia/Almaty
Сараптама