• Зариф: Иран аймақта гегемонияға қол жеткізуді көздемейді

ИИР Сыртқы істер министрі: "Алпауыт елдер мен олардың аймақтық одақтастары өздерінің қате таңдаулары үшін Иранның аймақты нығайтып, аймақтағы гегемонияға қол жеткіздуі көздемеген жағдайда оған айып тағып отыр",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың конференцияда Иранға қарсы айтқан сөздерін сайқымазақтық деп атап: "Израиль режимінің Ливанға басқыншылығы, Палестинаны заңсыз басып алуы мен Сирияға күнделікті шабуылдары жалғасып жатыр. Бұл режим өзінің барлық көршілеріне шабуыл жасап, күн сайын Сирияның әуе кеңістігі мен жеріне басқыншылық жасап отыр.

Бірнеше күн бұрын израильдік қырғи ұшақтың құлатылуы Израиль режимінің жеңіліс таппайтыны жайлы аңыздың күлін көкке ұшырды",- деді.

Зариф сондай-ақ жуырдағы "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты әрекеттердің Иранның мүдделеріне сай келмейтінін баса айтып: ""Ортақ қадам" бағдарламасы бұзылған жағдайда Иран осы келісімді бұзушы тарап өкінетіндей жауап қайтарады",- деп баса айтты.

 

 

Feb 19, 2018 16:54 Asia/Almaty
Сараптама