• Валдай конференциясы: Мәскеу – Таяу Шығыс тақырыбы туралы кеңес орталығы

Валдай «Ресей Таяу Шығыста: барлық алаңдардағы рөлі» атты халықаралық конференция дүйсенбі күні Иран мен Ресей Сыртқы Істер Министрлерінің сөзімен басталды.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф «Ресей Таяу Шығыста: барлық алаңдардағы рөлі» атты халықаралық конференцияда Теһран мен Мәскеудің ортақ мақсаттарын жүзеге асырып, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату жолындағы талпыныстарына тоқталып: «Мұндай талпыныстармен қазір аймақтағы ДАИШ-тің жеңілісі туралы айтуға болады» деді.

Зариф елдердің егемендігін құрметтеп, басқа елдердің ішкі істеріне араласпауды, халықтардың азаттығын, олардың өз тағдырларын анықтау құқығын қуаттап, Иранның түпкілікті мақсатын лаңкестерді жою деп атап: «Шетелдік араласушылықтар, әсіресе Американың араласушылықтары әсерсіз. Бұл араласушылықтар туралы ойлану да ештеңеге жеткізбейді. Иран  Йемен мен Сириядағы дағдарыстар тек саяси сұхбаттасу арқылы ғана шешіледі деп санайды» деді.

Ресей СІМ Сергей Лавров та Валдай конференциясында Американың Сириядағы осы елді бөлуді мақсат еткен әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп: «Вашингтон күрдтерді әлсірету үшін Сирияның аумақтық тұтастығын теріс пайдалануда. Америкалықтардың Сирияда ДАИШ-пен күресіп, осы елдің аумақтық тұтастығын сақтау деген уәждерінің мақсаты олардың әрекеттері арқылы дәлелденуі керек» деді.

 

 

 

Тегтер

Feb 19, 2018 22:28 Asia/Almaty
Сараптама