• Мәскеудегі Валдай клубының отырысы: Иран аймақтық шешім жолдарын қуаттады

ИИР-ның сыртқы саясаты шетелдіктердің араласпауы мен аймақ елдерінің егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеу негіздеріне сүйенеді.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Валдай пікірталас клубының Таяу Шығыс өзгерістері жөніндегі Мәскеу отырысында аймақ дағдарыстарын, әсіресе Сирия мәселесін шешу үшін саяси әрекеттер қажет деп атап: "Вашингтонның Сирияда гибридтік күштерді пайдалануы АҚШ пен аймақ үшін қатерлі",- деп қуаттады.

Иран әрқашан аймақ дағдарыстарын саяси жолдармен шешуге талпыныс жасап келеді. Сирия мен Ирактағы өзгерістер мен бұл екі елдегі ДАИШ және басқа лаңкестік топтарға қарсы күрестің жеңістері негізінде Иран мен Ресейдің маңызды рөлі және аймақтың кейбір елдерінің ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестік тобы сәтсіздікке ұшырағанымен, лаңкестіктен туындаған дағдарыстар әлі де жалғасуда. Енді лаңкестер Иран мен Ресей шекараларына жақын Ауғанстанның солтүстігіне ауысуда. Бұл әрекеттерді лаңкестік топтардың сәтсіздікке ұшырауы мен АҚШ-тың аймақ істеріне араласу үшін сылтау іздеуі тұрғысынан бағалау қажет. Мұндай нәтиже Вашингтон мен Израиль режимі үшін көптеген қаржылай шығын әкелді. Өйткені ДАИШ – АҚШ-тың Израильді сақтап қалу мақсатындағы аймақты бейберекеттіктерге тіреу мен бөлшектеуді көздеген  жобасының бір бөлігі. Бірақ жоба сәтсіздікке ұшырап, аймақтың теңгерімін өзгертті. Бұл стратегиялық өзгеріс аймақтағы «АҚШ-Сауд Арабиясы-Израиль» үштігінің нәтижеге жетпегенін көрсетті.

Мұхаммад Джавад Зариф Мәскеудегі Валдай пікірталас клубының отырысынан бұрын, Мюнхендегі қауіпсіздік отырысында бірнеше күн бұрын Израильдің әскери ұшағының құлағанына тоқталып: "Бұл оқиға Израиль режимі жеңілмейді деген аңыздың аяқталғанының белгісі",- деген болатын.

Саясаткер әрі Сауд Арабиясы армиясының зейнеткер генералы Анвар Эшқи Израильдің Ғ16 әскери ұшағының Сирияда құлатылуына реакция білдіріп, Твиттердегі парақшасында: "Таяу Шығыстағы ойын заңдары өзгереді",- деп жазды.

Саяси мәселелер бойынша сарапшы Саадолла Зараи АҚШ сынды мемлекеттердің лаңкестікті тарату мақсатын бір елдің жағдайын өзгертіп, оны басқыншы үкіметтің базасына айналдыру деп атап: "Америкалықтардың Ирак пен Ауғанстандағы араласушылықтары және бұл елдерде лаңкестік топтарды құруы аймақты лаңкестікпен күресуге шырмады",- деді.

Зараи АҚШ-тың ДАИШ пен ан-Носрат сынды лаңкестік топтарды құрып, содан соң Сирия мен Ирактың режимдерін өзгерту қажеттігі туралы ұран айтуының себептері туралы: "Америкалықтар бұл әрекеттерімен өзіне қарсы үкіметтерді құлатқысы келеді. Сонымен қатар  Исламды қорқынышты етіп көрсетуді көздейді",- деп қуаттады.

Тәжірибе аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін ұжымдық талпыныс болмаса, қақтығыстар мен тынышсыздақтардың жалғасатынын көрсетті.

Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: "ИИР-ның аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату туралы жолдауының мағынасы айқын: бірге жеңеміз немесе бірге жеңілеміз",- деп жазды.

 

 

Feb 20, 2018 20:14 Asia/Almaty
Сараптама