• Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Захраны (с.) аза тұту рәсімінің соңғы түні өтті

Теһрандағы имам Хомейни (р.) атындағы кесенеде Ислам революциясы жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Захраның (с.) шәһид болуын аза тұту рәсімінің соңғы түні өтті.

Иранның бір топ жауапты тұлғалары мен халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарына жататын мыңдаған адамның қатысуымен өткен рәсімде сейіт Ахмад Хатами реакционер болудың ішкі-сыртқы факторларын түсіндіріп: «Реакционерлік – жәһілдік заманындағы көзқарастарға, қатынастар мен құндылықтарға қайта оралу. Егер қоғам реакционерлікке ұшыраса, барлық құндылықтар жоғалады»,-деді.

Осы рәсімде сөйлеген Хатами Фатемие күндерінен ғибрат алудың маңыздылығын айтып: «Хазірет Фатима Захра (с.) Фадактағы терең ойлы құтпасында реакционерліктің қатері жайлы ескерту жасап, оны көптеген қиындықтардың факторы деп атаған. Сондықтан барлығымыз бұл қатерден сақ болуымыз керек»,-деді.

Бұл рәсімде, сондай-ақ, Ахл-е бейтті (ғ.) мадақтаушылар хазірет Фатима Захраның (с.) көрген қиындықтарын баяндап, жоқтау айтты.  

 

Feb 23, 2018 23:14 Asia/Almaty
Сараптама