• Зариф: Иран – аймақтағы ең қауіпсіз мемлекет

ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Сербияның астанасы Белградта тұратын ирандықтардың алдында сөйлеген сөзінде Иранның Таяу Шығыс аймағындағы ең қауіпсіз ел екенін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Иран халқының тәуелсіздік талап етудің үлгісі екенін баса айтып: "Иран халқы Иранды қауіпсіздік және құдыретпен қамтамасыз етті. Иран халқы әртүрлі наным-сенімдерге ие болғанымен, олар Иранға қалтқысыз қызмет етеді",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-тың ең қатаң санкцияларының осы уақытқа дейін Иран халқын бағындыра алмағандығына тоқталып: "АҚШ еш уақытта Иран халқы мен Ислам республикасы жүйесін бір-бірінен бөле алмайды",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран мен "алтылық" тобы арасындағы ядролық мәселеге қатысты келісімге дұшпандық ұстаным білдіруіне сілтеме жасап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жыртып тастуды басты мәселе деп санап, бұл келісімді "АҚШ тарихындағы ең жаман келісім" деп атаған адам бір жыл екі айда айтқан сөзін іске асыра алмады, өйткені қандай құн төлеуі керек екенін біледі",- деп баса айтты.

 

 

Feb 27, 2018 15:41 Asia/Almaty
Сараптама