• Америка Қазақстан арқылы Ауғанстанға тауар транзиттейтін болды

Қазақстанның Мәжілісі Американың Ауғанстанға арнайы тиелімдерін Қазақстан арқылы транзиттеуіне қатысты келісімді бекітті.

Fars агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Мәжілісі бүгін өткен отырыста Американың Ауғанстанға арналған арнайы тиелімдерін Каспий теңізі арқылы транзиттеу туралы келісімді бекіткен.

Қазақстан СІМ Қайрат Әбдірахманов осы елдің Мәжілісінде сөйлеген сөзінде Астананың екі ел үкіметтері арасындағы келісімнің қосымша протоколы негізінде Американың Ауғанстанда тұрақтылық орнатып, сол елді қайта қалпына келтіру ісіне қатысуына қажет тиелімдерін Ақтау мен Қорық порттары арқылы транзиттеуге рұқсат бергенін мәлім етті. Аталмыш келісімге ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Вашингтон сапарында қол қойылды.  

Осы келісімге сәйкес, Америка Каспий теңізі арқылы Ауғанстанға өзінің арнайы жүк тиелімдерін транзиттеу құқығына ие болады.

Тиісті қарастыру жұмыстарынан кейін Қазақстан Мәжілісінің 107 мүшесінен 104 адам келісімге оң дауыс берді.

 

Mar 08, 2018 09:43 Asia/Almaty
Сараптама