• Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің Лондонға сапарына халық наразылық білдірді

Лондонның жүздеген тұрғыны Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Ұлыбританияға сапарына қарсылық білдіріп, сәрсенбі күні кешке осы елдің Премьер- министрі кеңсесінің алдына жиналды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, наразылық акциясына қатысушылар Ұлыбритания үкіметінің Сауд әулеті режимін қолдайтындығына жиіркеніш білдіріп, осы ел халқының үкіметке керісінше Йеменге таңылған соғыста жасалған қылмыстарға көзжұмбайлықпен қарамайтынын қуаттады. 

Наразылық жиынына қатысушылар «Сауд Арабиясына қару сату тоқтатылсын!», «Йеменнен қолдарыңызды тартыңыздар», «Бен Салман – қылмыскер. Ол сотталуы керек» деген жазулары бар плакаттар алып шықты.

Ұлыбритания Парламентінің мүшесі әрі үкіметтің көлеңкедегі Халықаралық даму министрі Кейт Осамор Йемендегі соғыстан туындаған гуманитарлық дағдарысқа тоқталып: «Лондон басшылары Бен Салманға қызыл кілем төсеудің орнына Йеменді қоршауды тоқтату және бұл ел халқының гуманитарлық көмектерге қолжетімдік тудыру қажеттігін қуаттауы тиіс»,-деді.

«Қару саудасына қарсы майданның» (СААТ) аға мүшесі Линдси Герман да Ұлыбритания мен Сауд Арабиясының қару-жарақ саудасы көлемінің жоғарылығына тоқталып: «Ұлыбритания Премьер‑министрі Тереза Мэйдің консерваторлық үкіметінің көздегені қару‑жарақ сатудың теріс салдарын ескерместен, одан түсетін табыстың үздіксіз жалғасуы болып отыр»,-деді.

 

Mar 08, 2018 15:33 Asia/Almaty
Сараптама