• Батыстың адам құқығы туралы уәждері – араласу және қоғамдық пікірді алдау үшін пайдаланылатын құрал

Еуроодақ араласушылық мазмұндағы мәлімдемесінде әдеттегі уәждерін қайталап, Иранды адам құқығын бұзушы деп айыптады.

Дүйсенбі күні Брюссельде жарияланған мәлімдемеде Ирандағы жуырдағы қоршаған орта белсенділерінің ұсталуы мен бұл елдің абақтыларында қамаудағылардың өзін-өзі өлтіруі айтылып, Иран басшыларынан бұл жайттарды зерттеу сұралды.

Күн сайын әлемдік қауымдастықтың үнсіздігінің саясында әлемнің әртүрлі аймақтарында, тіпті адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын Еуропа мен Американың  ортасында адам құқығының әшкере бұзылуына куә болып отырған жағдайда   Иранға қарсы уәждер  Ираннан үркіту жобасына айналуда. АҚШ және Франция мен Ұлыбритания сияқты еуропалық мемлекеттер негізінде адам құқықтарын бұзушылар тізімінің көшбасында тұр.

Халықаралық Амнистия ұйымы 2017 жылдың желтоқсан айында жариялаған есебінде Еуроодақтың босқындарды өз мүдделеріне пайдалану рөлін әшкере етіп: "Олар Ливия жағалауы гвардиясы арқылы бұл елдің үкіметімен қарым-қатынас орнатады. Ливиядағы құлдықтың негізгі факторларының бірі болып, аймақтағы босқындардың алаңдаушылықтары мен бақытсыздықтарын арттырып отыр» деді.

АҚШ-та да қара нәсілділерге деген кемсітушілік айқын байқалады. Осы елдегі абақтылар өкінішті жағдайға ие. Кейбір тәуелсіз халықтар АҚШ-тың елдеріне жасаған шабуылдары салдарынан қиындықтармен душар болып отыр.

Иран Ислам революциясының жетекшісі осы шындыққа  тоқталып: "Әлемде АҚШ үкіметінің мөлшеріндей адам құқығын бұзған мемлекет жоқ. АҚШ адам құқығы, құрмет, адамгершілік және халықтың дауысымен санаспайды. Сондықтан, АҚШ-тың азаттық пен адам құқығы туралы айтатын уәждері азаттық пен адам құқығын масқара етушілік",- деп баса айтты.

Батыста адам құқығы механизмі іс жүзінде лаңкестік топтар мен қылмыскерлерді қолдау механизміне айналды.

Иранның Жоғары сотындағы Адам құқығы штабының хатшысы Мұхаммад Джавад Лариджани дүйсенбі күні Женевада өткен БҰҰ Адам құқығы кеңесінің 37 отырысында: "Адам құқығы саласындағы сындарлы келіссөздерге кедергі болып отырған мәселе – АҚШ пен Батыстың екіжүзді стандарттары. Өйткені, олар адамның ұлты, діні және саяси ұстанымдарымен байланысты. Бірақ, олар Палестина, Йемен, Сирия және Ауғанстандағы жүздеген мың адамға қарсы қылмыстарға назар аудармайды",- деді.

Халықаралық қарым-қатынастар мәселелерінің аға маманы Мұстафа Сами Батыстағы адам құқығының мақсаты туралы: "Батыс мемлекеттері Исламнан үркіту және мұсылмандарға қарсылық білдіру саясаттарымен исламдық елдердің көбіне араласып, мұсылмандар арасына ірікті салу үшін содырлар мен мен лаңкестерді жалдап, оларды бір-біріне қарсы қойып, өздерінің мүдделеріне жетпек",- деді.

Адам құқығы штабының Халықаралық істер жөніндегі орынбасары доктор Казем Ғарибабади да бұл туралы: "Батыс Ислам адам құқығымен келіспейді деген пікірді таратуды көздеуде. Негізінде бұл тек уәж ғана. Исламда адам құқығы мәселесі ежелден қарастырылып, 14 ғасыр бұрын қуатталды",- деді.

Мұхаммад Джавад Лариджанидің айтуынша, адам құқығы АҚШ пен Батыстың немесе БҰҰ-ның сыйы емес, адам құқығы мәселесі бәрінен бұрын АҚШ-та қалыптасуы қажет.

 

 

Тегтер

Mar 13, 2018 16:22 Asia/Almaty
Сараптама