• Иранның Сыртқы істер министрі Карачиге келді

Иран Сыртқы істер министрі Пәкістанға сапарының жалғасында сейсенбі күні осы елдің Сенд штатының орталығы Карачиге келіп жетті.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен ирандық делегация Карачиге кірер алдында Пәкістанның негізін қалаушы Мұхаммад Әли Дженахтың мазарына барып, "Фатиха" сүресін оқығаннан кейін гүл дестесін қойып, Пәкістанның негізін қалаушыға құрмет көрсетті.

Иран мен Пәкістанның сауда форумына қатысу үшін Карачиге барған Зариф Сенд штатының Ақпарат министрі сейіт Насыр Хосейншах тарапынан қарсы алынды.  Иранның дипломатиялық аппаратының басшысы Карачиге сапарынан бұрын Исламабадта Пәкістан армиясының құрлық күштерінің қолбасшысы Қамар Джавид Баджвмен кездесіп, екіжақты және аймақтық мәселелер жөнінде сұхбаттасты. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф  жексенбі күні кешке Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Иранның саяси және сауда делегациясын бастап, Пәкістанның Сыртқы істер министрі Хафаджа Мұхаммад Асефтің шақыруымен осы елге келді.

Тегтер

Mar 13, 2018 21:22 Asia/Almaty
Сараптама