• Арақчи:

ИИР СІМ-нің саяси істер жөніндегі орынбасары жұма күні кешке Вена "Ортақ қадам" бағдарламасы ортақ комиссияның отырысы аяқталғаннан кейін сөйлеген сөзінде отырыста "Ортақ қадамды" жалғастыру және оны толық жүзеге асыру қажеттігіне негізделген АҚШ-қа қарсы толық консенсуске қол жеткізілгенін мәлімдеді. .

IRNА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Аббас Арақчи "Ортақ қадам" бағдарламасы ортақ комиссияның он бірінші отырысының АҚШ президенті тарапынан құрылған кеңістіктің ықпалында өткенін айтып: "Отырысқа қатысқан барлық мүшелер "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайтындықтарын баса айтып, осы халықаралық келісімді жүзеге асыруды жалғастыруға ықылас білдірді. ИИР-ның көзқарасы бойынша, "Ортақ қадам" келісімінен шығу мәселесін көтеру бұл халықаралық келісімді бұзумен тең. Себебі "Ортақ қадамда" барлық тараптар бұл келісімді игі ниетпен сындарлы кеңістікте жүзеге асыруға міндеттелген болатын.

Иранның бұл ұстанымын "Ортақ қадамның" шамамен барлық тараптары қабылдап отыр.

"Ортақ қадамды" жүзеге асыру жөніндегі ортақ комиссияның он бірінші отырысында АҚШ тарапынан бұзылған жайттар, атап айтқанда АҚШ-тың "Ортақ қадамға" сәйкес, әуе және ұшақтар мәселелеріне қатысты рұқсаттарды беруді кешіктіруі туралы жан-жақты баяндамалар жасалып, қарастырылды",- деді.

 

 

Тегтер

Mar 17, 2018 16:07 Asia/Almaty
Сараптама