• Ресей британиялық 23 дипломатты елден шығарады

Ресей СІМ Лондондағы ресейлік дипломаттарға қатысты Ұлыбританияның жуырдағы әрекетінен кейін сол елдің 23 дипломатын елден шығаратынын хабарлады.

«Россия сегодня» агенттігінің мәліметіне сәйкес, Ресей СІМ сонымен қатар Мәскеудегі Ұлыбританияның мәдени орталығының жұмысының тоқтатылып, Санкт-Петербургтегі осы елдің консулдығының да жабылатынын хабарлады.

Ресейдің бұл шешімі елдің СІМ Мәскеудегі Лондонның елшісі Лори Бристоуды екінші рет шақыртқаннан кейін шығарылды.

Ресей СІМ сонымен қатар Лондонға Ресейге қарсы Ұлыбритания тарапынан тағы әрекет жасалатын болса, бұл елдің де қарымта әрекетке баратын құқыққа ие екендігін ескертті.  

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй наурыздың 14 күні екі жаққа да тыңшылық етуші ресейлік Сергей Скрипаль мен оның 33 жастағы қызын Лондонның оңтүстігіндегі Солсбери қаласында уландыру ісіне Ресейдің қатысы бар деген уәждерін қайталап, Ресейдің 23 дипломатын Ұлыбританияның жерінен шығаруға бұйрық берді.     

Ресей бұл айыптарды теріске шығарып: «Ұлыбритания мұндай айыптаулар арқылы әлемдік қоғамдық пікірді бұрмалауды мақсат етуде» деді.

 

Mar 18, 2018 08:58 Asia/Almaty
Сараптама