• Американың соғыстарында бейбіт адамдардың өлім-жітімінің саны артуда

Дональд Трамптың президенттігі кезеңіндегі Американың әскери соғыстарында бейбіт адамдардың өлім-жітім саны бұрын-соңды болмаған деңгейде артты.

The Washington Post газеті былай деп жазды: «2017 жыл Ирак пен Сирия үшін ең қанқұйлы жыл болды. Сол жылы аталмыш елдердегі Американың басшылығындағы коалиция күштерінің шабуылдарында 6000-нан астам адам өлді».

Бұл статистика 2016 жылмен салыстырғанда өлім-жітім санының 200 пайызға артқанын көрсетеді.

Осы мәліметке сәйкес, Йемен, Ауғанстан, Сомали сияқты елдерде бейбіт тұрғындардың өлім-жітім санының артуымен осы елдердегі Америка әскерилерінің құзыры салдарынан туындайтын бейбіт тұрғындардың қазасының статистикасы бұдан бетер арта түседі.

Халықаралық Кешірім ұйымы БАҚ-нан осы мәселеден бейхабар болуы мен Американың ішкі саяси қақтығыстарымен шектеліп отырғандарын сынады.

Осы мәліметке сәйкес, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды кең түрде пайдалану мен соғыстан тысқары аймақтарға күн сайын артып жатқан шабуылдар соғыстарда әскери емес адамдардың қазасы санының артуынан басқа еш нәтиже әкелген жоқ.

 

Mar 20, 2018 09:35 Asia/Almaty
Сараптама