• Путин президенттігінің төртінші кезеңі басталды

2018 жылдың наурыз айында Ресейдің жетінші президенттік сайлауында жеңіске жеткен Владимир Путин кеше, дүйсенбі күні төртінші рет президенттік ант қабылдады.

Владимир Путин 2018 жылдың наурыз айында 72 миллион дауыс берушінің 76/6 пайыз дауысына ие болып, тағы да Ресей Президенті болып сайланды.

Путин 2000 жылы Ресей президенті ретінде билік басына келгеннен бері Кеңес Одағы ыдыраған соң әлемдік сахнада оның орынбасары ретінде қалған бұл елді қайта жаңғыртуға жан-жақты талпыныс жасауды бастады. Путин Ресейді  ішкі және сыртқы салаларда көптеген жетістіктерге жеткізген жеке бас ерекшеліктері мен жетекшіге лайық іскерлік  белсенділікке ие. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1990 жылдары Ресей көптеген ішкі және сыртқы қиындықтармен кезікті, бірақ мықты президент Путин бұл елдің жағдайын жақсарту саласында табысқа жетті. Ол бұл елдің халқы үшін өте маңызды болып табылатын саяси және қауіпсіздік саласларында тұрақтылық орнатып, талан-таражды тоқтатты. 21-ші ғасырдың бірінші онжылдығындағы мұнай бағасының көтерілуі де Ресей экономикасының, соның ішінде бұл елдің әскери құдыретінің күшеюімен байланысты болды. Сондай-ақ, Путин Еуразия негіздері бойынша ұлттық патриотизмді таратып, сыртқы саясатында да бұрынғы Кеңес Одағының орны мен беделін Ресейге қайтаруға талпыныс жасады.

Путиннің жаңа президенттік кезеңіндегі, яғни 2024-ші жылға дейінгі бағдарламасы Ресей экономикасын жаңғырту мен нығайтуды, Ресейдің қоғамдық және мәдени негіздерін нығайтуды, әскери және қорғаныс әлеуетін күшейтіп, Ресейдің халықаралық саладағы рөлін арттыруды қарастырады.

Қазіргі таңда Ресей ішкі және сыртқы үлкен дағдарыстармен кезігуде. Ресейдің ең маңызды ішкі дағдарысы сыйбайластық жемқорлық пен бюрократиялық жүйенің тиімсіздігі болып табылады. Сондықтан Путин кейбір мемлекеттік басшыларды өзгертіп, ежелден келе жатқан мәселені шешуге талпыныс жасамақ. Ресейдің келесі мәселесі мұнай бағасының төмендеуі мен Батыстың, соның ішінде АҚШ-тың бұл елге қарсы санкция енгізуінен туындаған экономикалық қиындықтары болып отыр. Ресей экономикасының кейбір структуралық қиындықтары жағдайдың одан сайын нашарлауына өз үлесін қосты.

Ресейлік саяси сарапшы Алексей Мухинның пікірінше, АҚШ-тағы Ресейге қарсы жаңа санкциялар жобасын дайындаушылар үлкен қателік жіберді. Өйткені, олар санкцияларды анықтаған кезде Ресейдің алаңдаушылықтарымен санаспады.

Сыртқы саясат тұрғысынан Ресейге қарсы ең маңызды қоқан-лоққы НАТО-ның Шығысқа қарай таралуы саналады. Путиннің саясаттары мен шешімдері еш уақытта батыстықтардың, әсіресе америкалықтардың көңілінен шықпады. Путин Батыстың билеп-төстеушілік әрекеттеріне қарсы тұрып, НАТО-ның Шығыс Еуропаға таралуымен, Украина дағдарысы және Батыстың, әсіресе АҚШ-тың Сириядағы араласушылығымен бетпе-бет келуде. Сондай-ақ, Батыс Ресейдің дәстүрлі аймақтарына араласуын арттыруда көздеуде. Ресейдің саяси мәселелер бойынша эксперті Сергей Рекданың пікірінше: "НАТО-да арандатушы мәселелердің көтерілуі бұл ұйымның Ресеймен арадағы қайшылықтарын шешкісі келмейтінін көрсетеді". Басқа жақтан, Америка мен оның еуропалық одақтастарының Ресейге қарсы санкцияларын жалғастыруы Мәскеуге көптеген шектеу қоюда. Бірақ, Ресей Шығысқа қарай бет бұрып, өзінің сыртқы қарым-қатынастарын қайтадан қарастыруда. Болжамдар бойынша Ресей мен Батыстың, әсіресе АҚШ-тың бетпе-бет келуі екі жақты қайшылықтарды одан сайын арттыра түседі.

 

 

Тегтер

Мамыр 08, 2018 17:45 Asia/Almaty
Сараптама