• Ресей Трампқа қарамай, Иранмен қарым-қатынасты тереңдету қажеттігін қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: "Мәскеу АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранмен қарым-қатынасын тереңдетуге дайын",-деп мәлімдеп, Ресейдің Иранмен байланысты кеңейтуді жалғастыруға берік екенін қуаттады.

Ресейдің Иранға қатысты ұстанымы және Теһранмен қатынасты тереңдетуді қуаттауы АҚШ Президенті Дональд Трамптың жуырдағы шарасына реакциясы сыңайлы. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне көңіл аудармастан, сейсенбі күні 8 мамырда бұл бағдарлама АҚШ-тың мүдделерін қамтамасыз етпейтіндіктен одан шығып, Иранға қарсы жаңа ауқымды санкциялар салатынын жариялады. АҚШ өзінің біржақты саясаты мен гегемондық қатынасы аясында "алтылық" тобындағы басқа елдердің, әсіресе еуропалық серіктестерінің Теһранға қарсы Вашингтонның жолын ұстанатындығына сенімді болған сыңайлы. Осындай жағдайда қазір АҚШ-тың бәсекелестері мен дұшпандары, яғни Қытай мен Ресей ғана бұл елге қарсы позиция ұстанып отырған жоқ, оның еуропалық одақтастары, яғни Ұлыбритания, Германия мен Франция да Трамптың ұстанымын сынап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сақталуын қуаттады. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болып қалатынын қуаттады. Ресейліктердің көзқарасынша, Иран өз міндеттемелеріне толығымен берік болды. Сондықтан, осы ядролық  келісімді әлсіретуге ешқандай негіз жоқ. Ресей Президенті Владимир Путин мен осы елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанына қатты алаңдаушылық білдіріп, осы халықаралық келісімнің маңыздылығын қуаттады.

Вашингтон соңғы жылдары, яғни 2014 жылғы Украина дағдарысынан кейін Мәскеумен жауласу ұстанымын күшейтіп, әсіресе АҚШ-та Президенттік сайлау өтіп, Ресей осы сайлауға араласты деп айыпталғаннан кейін Мәскеуге қарсы санкциялық шараларды CATSA заңы аясында күшейтті. Мұнымен бір мезгілде АҚШ-тың 2017 жылғы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Иран мен Ресей АҚШ үшін аймақтық және халықаралық қауіптер деп жарияланған. Вашингтонның Мәскеу және Теһранмен ашық түрде жауласуы осы екі ел байланыстарының жақындай түсуіне себеп болды. Басқа жағынан ортақ су кеңістігі ретінде Каспий теңізінің қауіпсіздігін сақтау, Сирия дағдарысы, әсіресе лаңкестікпен күресу және Сирияның заңды үкіметін сақтау, Ресей мен Иранның өнеркәсіп, сауда, әскери және қауіпсіздік экономикасы салаларындағы байланысты кеңейтуге әлеуеттерінің мол болуы сияқты ортақ мүдделер екі елдің қарым-қатынасында жағымды перспективаның қалыптасуына себеп болды. Ресейдің геосаяси мәселелерді зерттеу орталығының басшысы Леонид Ивашевтің сенімінше,  Теһран мен Мәскеудің Таяу Шығыста,  әсіресе Сирияда әріптестік жасауы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына оң әсер етіп, Дамасктың бастама көтеруіне септігін тигізді. Бүгінде еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан тыс мәселелерде АҚШ-қа жақтасып, АҚШ ядролық келісімнен шыққаннан кейін Иран мен Батыс елдерінің қарым-қатынасында алшақтық ұлғая түседі деп күтілеуде. Бұған керісінше Ресейдің Иранмен қарым-қатынасын дамытуға қолайлы кеңістік пен жағдай қалыптасады. Ресей қазір Иранға екіжаққа ортақ мүдделері бар серіктес ретінде қарап, Батыс елдерімен, әсіресе АҚШ-пен текетіресте Ираның ұстанымының нығаюын көздейді. Қорытындылай келгенде, Ресей "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық қолдап, АҚШ-тың Иранға қарсы ықтималды шараларына реакция білдіреді деп күтілуде. Ресейдің өзі де Батыс елдерінің ауқымды санкцияларының құрбаны болып отырғанын және әртүрлі салаларда АҚШ-тың ауыр қысымдарына ұшырап отырғанын ұмытпауымыз керек.

 

Тегтер

Мамыр 11, 2018 23:28 Asia/Almaty
Сараптама