• Рабии: Иран мен Қазақстан арасында ынтымақтастық үшін ортақ сала көп

Иранның Кооператив, еңбек және әл-ауқат министрі Иран мен Қазақстан арасында ортақ ынтымақтастық салаларының бар екендігіне тоқталып: "Теһран мен Астана өткен тарихты ескеріп, өзара әріптестікті кеңейте алады",-деді.

Иранның Кооператив, еңбек және әл-ауқат министрі  Әли Рабии сейсенбі күні Женевада Халықаралық еңбек конференциясы аясында Қазақстанның Еңбек министрі Мадина Әбілқасымовамен кездесіп: "Екі ел еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық ережелер, білікті жұмыс күшімен алмасу, кәсіби және техникалық білім беру, еңбек нарығын реттеу, кедейшілік деңгейін азайту және басқа да салалар бойынша әріптестік жасай алады",-деді.

Мадина Әбілқасымова кездесуде Иранның жұмыс күшін реттеу саласындағы тәжірибесімен алмасуды қалайтынын білдірді. 

 

Тегтер

Jun 06, 2018 18:24 Asia/Almaty
Сараптама