ИИР-ның ұлттық футбол командасы сәрсенбі күні кешке Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы футболдан әлем біріншілігіндегі екінші кездесуінде жұлдызды бәсекелесі Испаниядан жеңілді.

Иран мен Испания футбол командаларының Ресей-2018 әлем біріншілігінің "В" тобындағы кездесуі Теһран уақыты бойынша сағат 22:30-да Ресейдің Қазан қаласында өтті.

Иранның ұлттық футбол командасының ойыншылары чемпионаттың осы кезеңінде бас жүлдеге үміткерлердің бірі Испания ұлттық командасынан 1:0 есебімен жеңілді.

Иранның футбол командасы 25 маусымда өтетін Ресей-2018 әлем біріншілігіндегі үшінші кездесуінде Португалия командасымен ойнайды.

 

Jun 21, 2018 15:46 Asia/Almaty
Сараптама