• Хельга Шмидт 100 компанияның Иранмен жұмыс келіссөздерін бастайтынын хабарлады

Еуроодақтың сыртқы саясат басшысының орынбасары Хельга Шмидт Еуропаның басқа кезден көбірек "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтауды көздеп отырғанын және арнайы механизмдер тудыру арқылы осы мақсатқа жетуге талпыныс жасайтынын қуаттады.

Хельга Шмидт сәрсенбі күні Ослода Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехимен кездесіп, Еуроодақ деңгейінде шағын және орта компаниялардың Иранмен сауда келіссөздерін өткізуді қамтитын өнеркәсіптердің саяси диалогын өткізу бастамасына тоқталып, жуырда 100 компанияның Иранмен жұмыс келіссөздерін бастауды деп жоспарлап отырғанын хабарлады.

Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи де осы кездесуде: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін өзі қойған шарттардың орындалуын, әділетсіз санкциялардың біржолата іс жүзінде жойылуын қажет етеді. Санкциялар жалғасатын болса, ИИР "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамайды. Еуропа осы уақытқа дейін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін жақсы қадамдар жасағанымен қазіргі жағдайда Еуроодақ тарапынан жарияланған саясаттардың іс жүзіндегі нәтижелеріне көңіл аударуымыз керек",-деді.

 

Jun 21, 2018 16:06 Asia/Almaty
Сараптама