• Мұнай экпорсттаушы елдер ұйымының 174-ші отырысын сараптау

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) 174-ші отырысы маусымның жиырма екісі, жұма күні таңертең Венада өтті. Отырыс ОПЕК мүшелерінің 2016 жылы қарашада бекіткен мұнай өндірісі көлемін 1 миллион 800 000 баррельге дейін азайтуға негізделген келісімінің күшінде қалатынын мәлімдеумен аяқталды.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мүшелері 2016 жылы қарашаның отызы, х.ш.ж.с.б 1395 жылы азар айының оны күні мұнай көлемін күніне 32 миллион 500 000 баррельге жеткізуге шешім қабылдаған болатын.

Сол келісімге қарамастан, ОПЕК-тің кейбір мүшелері мұнай өндірісінің көлемін белгіленген мөлшерден әлдеқайда көбірек азайтқан болатын.

Reuters ақпарат агенттігінің сауалнамасына сәйкес, осы келісімге берік болу мамыр айында сәуір айындағы 166 пайыздан 163 пайызға жеткен. Мұнай көлемін азайтудың ең үлкен көрсеткіші аймақтық қайшылықтарға байланысты Нигерияға тиесілі. Мұнай өндірісі көлемін азайту бойынша екінші орында мұнай өндірісі экономикалық дағдарысқа байланысты қажет қаржы ресурстарынан мақұрым қалған Венесуэлла орналасты. Ливиядағы мұнай өндірісі болса, бейберекеттіктерге байланысты тұрақсызданып,  елдің шығысындағы мұнай өндірісі бұрын-соңды болмаған аптап ыстықтан жұмыс күшіне байланысты қиындыққа ұшырап, шектеліп қалған.

Сол себепті аталмыш ұйымның кейбір мүшелері нарық ұсыныс тапшылығына ұшырағандықтан, мұнай өндірісі көлемін айтарлықтай деңгейде арттыру қажеттігін қуаттады. Алайда, Иран бұл ұсынысты қабылдамады. Парсы шығанағы жағалауындағы кейбір елдер мен Ресей мұнай өндірісі көлемінің артуынан пайда көретін елдердің қатарына жатады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане Венаға келген кезден бастап, мұнай өндірісі көлемін арттырудың орнына келісімді жүзеге асыруды 100 пайызға жеткізуді қуаттады.

ОПЕК-тің кеше бекіткен келісімінің 2-тарауына сәйкес, ОПЕК-ке кіретін және оған мүше емес елдер өткен айларда нарықтағы мұнай ұсынысын өз міндеттемелерінде көрсетілген мөлшерден 1 миллионға артық азайтқан.

Бұл мұнай көлемінің күніне 1 миллион 800 000 баррельдің орнына, күніне 2 миллион 800 000 баррельге азайтылғанын білдіреді.

Сондықтан, Вена мәлімдемесі ОПЕК отырысы басталмас бұрын және Сауд Арабиясының лоббилері мен Трамптың мұнай бағасын түсіру мақсатында мұнай өндірісі көлемін арттыру үшін мұнай экспорттаушы елдерге жасаған қысымдарының жалғасында көтерілген болжамдар мен ықтималдарды тоқтатты. АҚШ-та жанармай бағасының өткен 30 жылдағы ең жоғары көрсеткішке дейін өсуі мен наразылық білдірудің жалғасында Дональд Трамп бір оқпен екі қоян ату саясаты арқылы біржақты санкциялардың мұнай нарығына келтірген салдарын басқаға таңу арқылы Иранды ауыр жағдайға ұшыратуға талпыныс жасады. Bloomberg ақпарат агенттігі: "АҚШ-тың әдеттен тыс өтінішінің себебі Иранға қарсы санкцияларды қайтару саналады",- деп жазды. Трамп өткен айда Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "ОПЕК жасанды түрде мұнай бағасын жоғары етіп ұстап отыр",- деп жазған болатын.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының мұндай жағдайдағы шешімінің екі маңызды әсері болды: біріншіден, ол мұнай нарығына ОПЕК-тің тұтыну көлеміне сәйкес мұнаймен қамтамасыз ету мен оны ұсынуға берік екендігіне кепілдік берді;

екіншіден, Вена отырысы ең айқын түрде ОПЕК-тің АҚШ-қа тиесілі ұйым еместігін көрсетті.

Бұл келісім бойынша нарыққа қайтарылатын мұнай көлемінің әсерлеріне қатысты нақты болжам жасап немесе пікір айту әлі мүмкін емес. ОПЕК-тің мұның алдында бекіткен келісіміне сәйкес, бұл ұйымға мүше емес мұнай экспорттаушы елдерге, әсіресе Ресейге қолдау көрсетілгендіктен, енді ОПЕК-ке мүше емес мұнай өндіруші елдердің қандай шешім қабылдайтынын байқау керек.

 

 

Jun 23, 2018 17:03 Asia/Almaty
Сараптама